АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның бітімге келу туралы ұсынысын қабылдамады. "Олар келісім жасағысы келеді – тамаша. Мен де келісім жасағым келеді. Бірақ мына келісім қабылданбайды" деді Трамп.
Бұған дейін Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи БҰҰ-да бітімге келу жоспары Қатар арқылы Америка жағына берілгенін айтқан. Тегеран егер АҚШ ирандық порттарға қойылған тосқауылды алып, Иран мұнайына салынған санкцияны алып тастаса және Иран мен Ливанда атысты тоқтату режимін ұстанса, онда Ормуз бұғазын коммерциялық кемелер үшін ашуды ұсынған. Ол сонымен бірге Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді қайта жалғастыруды ұсынды.
Аракчи бұған дейін егер АҚШ мұндай жоспарға келіссе жеті күннен кейін жүзеге асырыла бастайды деген еді. Тегеранның есептеуінше, төрт-бес күн жоспарды келісуге кетеді, ал алтыншы күні бұғаз азаматтық кемелерге ашылады, ал жетінші күн ядролық келісім бойынша келіссөздің жаңа кезеңін бастауға болады.
Алайда Дональд Трамп келісімнің шарттарына көңілі толмайтынын айтып, Иран "жеңіліп жатқандықтан келісімге келуге ынта білдіріп отыр" деді.