АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдегі аралас жекпе-жек бойынша ең ірі ұйым — Ultimate Fighting Championship (UFC) басшысы Дэйна Уайтқа Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметін ұсынды.
«Мен одан өзіне көмекшілер тартуын сұрадым. Мейлі, кейбірі біздің елдің азаматы болмаса да, Ислам Махачев, Хабиб Нурмагомедов, Джастин Гейджи, Дэниел Кормье, Аманда Нунис және Кайла Харрисон сияқты адамдарды шақырсын дедім. Бізге есінен адасқан солшылдардан қорғану үшін осындай адамдар керек» деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Трамп атаған спортшылардың барлығы UFC аясында өнер көрсеткен немесе әлі де өнер көрсетіп жүрген жекпе-жек шеберлері. Ислам Махачев пен Хабиб Нурмагомедов — ресейліктер, Джастин Гейджи, Дэниел Кормье және Кайла Харрисон — америкалықтар, ал Аманда Нунис — Бразилия азаматы.
Дэйна Уайт республикашылдарды бұрыннан бері жақтайды. Ол Трампты 2020 және 2024 жылдардағы президент сайлауында қолдаған. Уайт АҚШ президентіне UFC-ге көрсеткен қолдауы үшін бірнеше рет алғыс айтқан.
Оның айтуынша, Трамп 2001 жылы, ұйым енді құрылып жатқан кезде, Атлантик-Ситидегі өзіне тиесілі Trump Taj Mahal қонақүйінде UFC-дің алғашқы турнирін өткізуге мүмкіндік берген. Ал 2026 жылғы 14 маусымда, Трамптың 80 жасқа толған күні, UFC Ақ үйдің көгалында жекпе-жек ұйымдастырды.
- Ақ үйдің бұған дейінгі баспасөз хатшысы Кэти Закария бұл қызметтен 16 қазанда кеткен. Ол бұл лауазымда небәрі бес күн жұмыс істеген.