Түнгі шабуылдар, өртенген зауыт, Қытайдың араағайындығы
Your browser doesn’t support HTML5
Өткен тәулікте Ресей мен Украина бір-біріне үздіксіз дрон жіберді. Ресей бір түнде 496 украин дроны атып түсірілгенін мәлімдесе, Украина әуе күштері Ресей ұшырған 128 дронның 105-і жойылғанын хабарлады. Осы тұста Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдерімен қауіпсіздік кепілдіктерін талқылап, АҚШ, Ресей және Украина арасындағы үшжақты келіссөздерге дайындалып жатыр. Ал Қытай ықтимал үшжақты саммит өткізу мәселесін Мәскеу және Вашингтонмен талқылап жатқанын растады.