Түркістан облыстық соты "Власть" сайтының өтінішін орындап, экология департаментін ақпарат беруге міндеттеді

Облыстық сот ғимараты. Көрнекі сурет.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Власть" сайтының облыстық экология департаменті үстінен түсірген шағымын қанағаттандырып, департаменттің шикізат өндіруші компаниялардың біріндегі тексеріс туралы ақпарат бермеуін заңсыз деп таныды.

Сот экология департаментін шешім күшіне енгеннен кейін бес күнде сұралған деректерді басылымға беруге міндеттеді. Мәселе шикізат өндіруші компаниялардың бірінде болған тексерістердің саны мен заңсыздықтардың бар-жоғы жөнінде ақпарат туралы болып отыр.

Экология департаменті кәсіпорынның ұстанымы мен коммерциялық құпия туралы кәсіпкерлік кодекс нормаларына сүйене отырып, журналиске ақпарат беруден бас тартқан. Алайда сот басылым сұраған ақпараттың қоғамдық маңызы бар және коммерциялық құпияға жатпайды деген уәжбен келіскен.

Сот кезінде басылымның мүддесін "Құқықтық медиа орталығы" мен адвокат Лилия Чаусова қорғаған. Олар кәсіпорынның ұстанымы мемлекеттік органды экологиялық ақпарат беру міндетінен босатпайды және Қазақстан қабылдаған Орхусс конвенциясының шарттарын алға тартқан.

Адвокат Лилия Чаусованың айтуынша, кәсіпорын өз хатында ақпаратта тек шаруашылық және өндіріс қызметіне қатысты деректер барын айтқан.

"Олар мүлде коммерциялық құпия туралы айтпайды" деп басылым адвокаттың сөзінен мысал келтіреді.

Соттың тұжырымдауынша, экология департаменті басылымның сауалын тиісті түрде қарамаған және коммерциялық құпиядан бөлек ақпараттың барлығын беруге міндеттеді.

Сот шешіміне тараптар екі ай ішінде шағым түсіре алады.