Украин дрондары Дағыстандағы Каспийск портына шабуылдады

Ресей және украин телеграм-арналары 19 қыркүйекке қараған түні куәгерлердің видеоларына сүйене отырып, Дағыстандағы Каспийск порты аумағында жарылыс болғанын хабарлады. Украинаның мониторингтік Exilenova+ және "Крымский ветер" арналары куәгерлердің жарылыс туралы видеоларын жариялап жатыр.

Жергілікті билік соққы мен оның салдары жөнінде хабарламады. Украина билігі әзірге соққыға түсініктеме берген жоқ. Каспийск портына бұған дейін де шабуыл жасалған еді.

Сенбіге қараған түні украин дрондары Ресейдің Курск облысындағы Дмитриев қаласына да шабуылдады. Ол жөнінде аймақтың губернаторы Александр Хинштейн айтты. Оның сөзінше, шабуылдың салдарынан бірнеше көп қабатты тұрғын үй бүлінген, пәтерлердің терезелері сынған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Ресей қорғаныс министрлігі сенбі күні таңертең 334 украин дроны құлатылғанын хабарлады. Хабарламада Дағыстан да айтылады.

Каспийскіде Ресей флотилиясының әскери-теңіз базасы шоғырланған. Қала Махачқаладан шамамен 20 шақырым жерде Каспий жағалауында орналасқан.