Бұрынғы елші КҚК жөнінде: Астана баламасыз бағыт қателік болғанын мойындайды

Украинаның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Ольга Стефанишина. 8 қырүйек, 2026 жыл.

Украинаның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Ольга Стефанишина Азаттықтың Украин қызметіне берген сұхбатында АҚШ-тың Киевке Каспий құбыр консорциумын (КҚК) атқыламау туралы өтініші туралы да айтады.

“Вашингтонда болған кезіңізде америкалық шенеуніктерден Новороссийскіге шабуыл жасамау жөнінде өтініш қаншалықты жиі түсті?” деген сұраққа тамыздың басында қызметінен кеткен бұрынғы елші "Chevron мен Exxon кемелеріне қатысты" болмаса, басқа өзге соққыға қатысты [түспеді] дейді.

"Қазақстанмен бұрыннан бері және жақсы қарым-қатынасым бар. Қазақстан елшісімен хабарласып тұрдық. Бір жағынан, жағдайды түсіну бар; екінші жағынан, бұл Қазақстанның бюджетін құрайтын және АҚШ-тың тіке экономикалық мүддесіне қатысты сала. Қазақтар да, Exxon мен Chevron да Украинаның ұстанымын түсінетінін айқын жеткізеді, бірақ баламасыз бағыт қателік болғанын мойындайды" деді бұрынғы елші.

Оның сөзінше, балама жол табу "тез шешіле салатын нәрсе" емес.

"Мұны жақсы білетін ресейліктер де өздерінің әскери нысандарын коммерциялық инфрақұрылымға барынша жақын орналастырған" деді ол.

Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайының басым бөлігін халықаралық нарыққа тасымалдайды. Бұған дейін украин дрондары консорциумның инфрақұрылымына бірнеше рет шабуылдап, бірнеше күн бұрын да соның салдарынан мұнай тиеу кідірген еді.

Осыған дейін АҚШ жағы Украинаға КҚК-ның инфрақұрылымына шабуылдамау жөнінде өтініш айтқаны хабарланған еді.

КҚК-ның акционерлері қатарында қазақстандық "Қазмұнайгаз", ресейлік, "Транснефть", америкалық Chevron мен ExxonMobil да бар.