Украинаның үш ірі металлургия зауыты Ресей шабуылынан кейін жұмысын тоқтатты

Ресей күштерінің әуеден жасаған шабуылдары Украинаның болат қорытатын ең ірі үш кәсіпорынын істен шығарып, елдің күллі болат өнеркәсібі саласына қауіп төндірді деп жазды Financial Times газеті Metinvest және ArcelorMittal компанияларының деректеріне сүйеніп.

Қыркүйектің басында Ресей армиясы Запорожье мен Днепропетровск облыстарындағы металлургия зауыттарын баллистикалық зымыранмен атқылаған. Екі кәсіпорын Metinvest компаниясына, ал біреуі ArcelorMittal компаниясына тиесілі. Шабуылдар салдарынан он жеті қызметкер қаза тапқан.

"Қазіргі кезде Украинада болат қорыту өнеркәсібі қалған жоқ <...> Олар зауыт туралы беске білетін; қайда соққы жасау керегін де жақсы білді", – деп мәлімдеді Metinvest бас директоры кеңсесінің басшысы Александр Водовиц Financial Times газетіне.

Компаниялардың деректері бойынша, елдегі болаттың 90 пайызы осы зауыттарды өндіріліп келген.

Водовиц зауыттарды жөндеуге қанша уақыт кететіні әзірге белгісіз дейді. Ол сондай-ақ жиынтығы 15 мың адам жұмыс істейтінін зауыттардың жабылуы ауыр зардаптарға әкелетенін және "салықтарға аса қатты әсер етуі" мүмкін екенін де атап айтты.

Украина премьер-министрі Сергей Корецкий Ресейдің шабуылдары салдарынан мемлекет шамамен 1,5 миллиард доллар салық түсімінен айырылуы мүмкін деп мәлімдеді. Басылым Киевтің жаңа бюджет тапшылығына тап болып отырғанын, Корецкийдің бағалауы бойынша, биыл оның көлемі 27 миллиард долларға жететінін жазды.

"Діңкелететін соғыс болып жатыр, ал енді экономиканы толық титықтататын соғыс та жүріп жатыр – Ресей Украинаға неғұрлым қатты зиян келтіруге тырысып бағуда, Украина да сөйтіп жатыр", – деді Киевтегі Dragon Capital инвестициялық банкінің бас экономисі Елена Билан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Киев облысында Ресейдің соққысынан үш бала қаза болдыУкраин дрондары Дағыстандағы Каспийск портына шабуылдадыУкраина реактивті дрондарды атып түсіре алмай жатыр. Неге?