Украинадағы ашаршылықты еске алу

Your browser doesn’t support HTML5

АҚШ астанасы Вашингтонда Украинадағы ашаршылыққа арналған мемориал ашылды. Париждегі (Франция) соборда (Notre-Dame de Paris) ашаршылықтан қаза тапқан адамдардың рухына арналған литургия өтті. Киевтегі Украина ұлттық жады институты ашаршылық туралы «Шындық адамдары» экспозициясын даярлады. 1932-33 жылдары Украинада болған ашаршылықтан 2 миллионнан бастап, 10 миллион адамға дейін қаза тапқан деген түрлі дерек бар.