"Майдан аналары" пикеті

Your browser doesn’t support HTML5

Киевтегі Ресей елшілігіне ондаған белсенді әйел барып, Владимир Путиннен Украинаға оқ бермеуді, балаларын өлтірмеуді талап етті. Әйелдер өздерін "Майдан аналары" атайды. Олардың наразылық акциясына Ресей саясаткерлерінің аңдаусызда айтқан сөздері түрткі болған. Белсенді әйелдің бірі "Ресей саясаткері Жириновский "Украинаға патрондар беру керек" деді, ал Ресей президентінің кеңесшісі Глазьев Януковичті шеруді басып-жаншуға шақырды" дейді.