Ирина Вербловская. Өмірді болжау қиын

Your browser doesn’t support HTML5

Иринаны екі сағатқа деп әкетіп, лагерьге бес жылға қамап тастаған. Жазығы - Венгрияға совет әскерінің кіруіне қарсы жазған сүйіктісінің хатын пошта жәшігіне салып көмектескені. 1957 жыл болатын. Сталиннің өлгеніне үш жыл өткен. Бірақ қуғын-сүргін жалғасып жатты... Ирина Вербловская - "ГУЛАГ: Қуғын-сүргін аяқталмайды" сериялының кезекті кейіпкері. Фильмді "Настоящее время" және Coda Story дайындады.