«Оперетта кешінде» Дариға Назарбаева ән салды

Your browser doesn’t support HTML5

Астанада басталған «Астана кештері» 4-халықаралық өнер фестивалінің алғашқы күні «Оперетта кеші» концерті өтті. Сахнада ән шырқағандар арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева да болды. Өнер фестивалі Дариға Назарбаеваның бастамасы бойынша және сол басқаратын «Дегдар» қоры қамқоршылар кеңесінің патронаждығымен өтіп жатыр. Концерттен түсірілген видеоны фестивальдың ұйымдастыру комитетінен алуға «Астана опера» театры қолғабыс жасады.