Қырым тұрғыны Владимир Балухтың үкімі

Your browser doesn’t support HTML5

Мәскеу аннексиялап алған Қырымда Ресей азаматтығын алудан бас тартқан, үйінің шатырына Украина туын ілген Серебрянка селосының 46 жастағы тұрғыны Владимир Балухты сот "қару оқтарын заңсыз сатып алып, сақтаған" деген айыппен 3 жыл 7 айға бас еркіндігінен айырып, 10 мың рубль айыппұл салды. Балух үйіне оқтарды "полиция әдейі тастағанын" айтып, айыпты мойындаудан бас тартқан. (Азаттықтың Крым.реалий жобасының [орысша] бейнеролигінде «Громадське ТВ» видеолары пайдаланылған.)