Киев соты Михаил Саакашвилиді тұтқындаудан бас тартты

Your browser doesn’t support HTML5

Желтоқсанның 11-і күні Киевтің Печерский аудандық соты Украинадағы оппозициялық "Жаңа күштер қозғалысының" лидері және Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді үйқамаққа алуды сұраған прокуратураның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Желтоқсанның 8-і күні Украина қауіпсіздік қызметі Киевтегі пәтерінен ұстап әкеткен Саакашвили сот залынан бостандыққа шықты. Тергеу орындары Саакашвилиді "Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің жақтастарының мүддесі үшін, елде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған" деген айып таққан. Саакашвили бұл айыптарды теріске шығарады. Азаттықтың Украин қызметінің видеосы.