Балалар өнерінің көрмесі

Қарағанды қаласындағы жеке меншік студиялардың шәкірттері салған суреттер. Бұл жерге әр жастағы балалардың картиналары ілінген. Суреттер майлы бояумен және акварельмен салынған. 

Көрмеге қатысқан Софья Рыжкова акварельмен салған суретін көрсетіп тұр. Софья бұдан бөлек бірнеше картинасын әкелген. 

Көрмеге келген адамдар. 

Көрмеге келген Сергей Смирнов кейбір суреттерді ұнатып, оларды сатып алғысы келіп тұр. Әсіресе ол театрлық маскаларға қызықты. 

Жұрт назары көбіне «Түйе» коллажына ауды. Көп адам суретке түсіріп алды. «Түйенің» қасында авторы - Диана Луценкова тұр.  

Суреттерді қолмен сипап көруге рұқсат етілді. 

Көрмеге балалар әкелген туындылардың көп болғаны сонша, колонналарға да суреттер ілінді. 

Көрмеге қатысқан балалар бір-бірінің туындыларын да қарап жатты. 

Қолдан жасалған, табиғи тастармен безендірілген зергерлік бұйымдар. Оларды «Палитра» студиясының шәкірті Диана Тінікеева әкелді. 

9 жасар Нұржан Зейтен. Ол гуашпен салған «Тату достар» атты суретінің қасында суретке түсіп тұр. Көрмеге оның үй іші түгел келген.  

4 жасар Максим Кондратов - көрмеге қатысқан ең кішкентай өнерпаздың бірі.  

Балалар жас суретшілердің картиналарын көріп жүр. 

Ұйымдастырушылар көрмеге қатысқан балаларға диплом мен гүл беріп жатыр.