World Happiness Report рейтингі 20 наурызда атап өтілетін халықаралық Бақыт күніне орай жыл сайын жарияланады. Есепті Гэллоп институтының көмегімен Оксфорд университетінің жақсылықты зерттеу орталығы (Wellbeing research centre) БҰҰ-ның өмір сапасы туралы сауалнамасына сүйене отырып әзірлейді.
Зерттеу әлемнің 140 еліндегі шамамен 100 мың адамның жауабына негізделген. Респонденттерге өмір сапасын "Кантрила баспалдағының" (10 балдық шкала, 10 – ықтимал ең жақсы өмір, 0 – ең нашар) көмегімен бағалау сұралады.
Одан бөлек, адам басына шаққандағы ЖІӨ, еркіндік деңгейі, жемқорлықты қабылдау, өмір ұзақтығы сияқты түрлі факторлар ескеріледі.
Жаңа есеп әлеуметтік желілер мен цифрлық технология халықтың өміріне, әсіресе жастарға әсерін бағалауға арналған.
Алғашқы елу елдің қатарына ТМД арасында тек Қазақстан ғана ілінген. Ол рейтингте 33-шы болып тұр. Бұл былтырмен салыстырғанда 10 позицияға жоғары. Өзбекстан рейтингіде 53-орында тұр. Қырғызстан – 66, Молдова – 77, Ресей – 79, Тәжікстан - 88, Армения - 89, Әзербайжан 102-орында. Түркіменстан деректің аздығына байланысты рейтингке енбей қалған.
Әлемдегі ең бақытты ел тағы Финляндия болды. Одан кейін екінші орында Исландия (2), Дания (3), Коста-Рика (4) және Швеция (5) тұр. Алғашқы ондыққа сонымен бірге Норвегия (6), Нидерланды (7), Израиль (8), Люксембург (9) және Швейцария (10) енген.
Былтырғыдай Ауғанстан әлемдегі ең бақытсыз ел атанды. Төменгі орындарда Ботсвана (143), Зимбабве (144), Малави (145) және Сьерра-Леоне (146) тұр.