Қазақстан «ет жегіш» 50 елдің 49-шысы

Ет жеуден бірінші орында тұрған Люксембургтың әр азаматы жылына 136 келі ет жейді. Одан кейін тұрғандар – әр азаматы жылына 123 келі ет жейтін АҚШ пен жан басына 122 келі ет тұтынатын  Австралия.

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы әр адамға жылына 7,3 келі ет жеген дұрыс деп кеңес береді.

177 елден тұратын тізімде Ресей 57-ші орында тұр. Мұндағы азаматтар жылына 60 келі шошқа және тауық етін жейді. 

Қазақстан 49-шы орында. Орталық Азияның өзге елдері бұл тізімнің төменгі жағында тұр.

Түркменстан 90-шы орында.

Қырғызстан 100-ші орында. Мұнда әр азамат жылына 34 келі ет жейді.

Әр азаматы жылына 25 келі жейтін Өзбекстан 119-шы орында.

Тәжікстан азаматтары жылына 12,33 келіден ет жейді.

Орталық Азия елдерінің тізімнің төменгі жағында қалуының себебін түсіндірген кезде ұйым бұл аймақ тұрғындарының етті көбіне сатып алмайтынын, малды өздері өсіретінін ескеру керек екенін айтады.