Еревандағы Лавров сапарына қарсылық

Your browser doesn’t support HTML5

Армения астанасы Ереванда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың осы елге келуіне қарсы шеру өтті. Шерушілер 21 сәуір күні Еревандағы Азаттық алаңынан Ресей елшілігіне дейін жүріп өтіп, елшілік алдында полициямен қақтығысты. Белсенділер Лавров Қарабақ жанжалын реттеудің "антиармяндық" бейбіт жоспарын алып келді дейді. Олар Ресейдің Әзербайжанға қару сатуын да тоқтатуды талап етті. Лавров Ереванға бейсенбі барған еді.