Зейнетақы ақшасын пайдаланудың жаңа межесі жарияланды

Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жаңа межесін (ең төменгі жеткіліктілік шек) жариялады.

Ең төменгі жеткілікті шек салымшының жасына байланысты 79 пайызға артты. Кестені мына сілтеме арқылы көруге болады.

"Зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін төменгі жеткіліктілік шек) мөлшері екі еседен астам ұлғайды. Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді" деп жазылған БЖЗҚ хабарламасында.

ENPF зейнетақы жинақтарын балама мақсаттарға пайдалану ережелерін де түсіндірді.

"Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар.

Ең төменгі жеткілікті шек - бұл салымшының зейнетақы ақшасында болуы тиіс минималды сома, одан артылғанын ол емделуге, тұрғын үй жағдайды жақсарту және өзге мақсатқа жұмсай алады. Зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға 2021 жылдан бастап рұқсат етілген.

2025 жылы Қазақстан билігі алаяқтық схемалар мен асыра пайдалану оқиғаларының жиілеуіне байланысты зейнетақы ақшасын тіс емдеуге пайдалануға уақытша тыйым салған еді. Қазір бұл мүмкіндік бар, бірақ бірқатар шектеулер қойылған.