Зеленский мен Сырский Федоровтың отставкасы жайлы пікір білдірді

Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта) мен қорғаныс министрі Михаил Федоров. 5 қаңтар, 2026 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский елдің қорғаныс министрі Михаил Федоровты қызметінен босату туралы шешіміне түсініктеме берді.

Оның айтуына қарағанда, Федоровты ауыстыруға министрлік пен армия басшылығы арасындағы келіспеушілік ішінара себеп болған. Бұл жөнінде УНИАН жазды. Агенттік президенттің "әртүрлі деңгейдегі күрделі диалог" жайлы сөзін келтірген.

"Михайло менің командамда қалады деп сенемін, және біз қалай болатынын кейінірек талқылаймыз", – деген Зеленский.

Украина президенті Федоровтың қызметінен кетуіне қарсы бейсенбі күні таңертеңнен бері жалғасып жатқан наразылық акциялары туралы да пікірін айтты.

"Жұрт шыққысы келді, онысы дұрыс. Түсінемін, естідім, тіпті қоғамның сөзіне пікір білдіремін", – деді Зеленский.

Your browser doesn’t support HTML5

Украина жұрты қорғаныс министрі Федоровтың қызметтен алынғанына наразы

Зеленский бұған дейін ішкі істер министрі болған Игорь Клименко қорғаныс министрі лауазымына қарастырылып жатқан кандидаттардың бірі екенін, бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын және қорғаныс министрі болатын адамның кандидатурасы әлі Жоғарғы радаға ұсынылмағанын қаперге салды.

Бейсенбі күні Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский де қазіргі жағдайға байланысты түсініктеме берді. Ол өз Telegram-арнасында жариялаған постында Федоровқа министр қызметіндегі жұмысы үшін алғыс айтты.

"Мен 2022 жылы Киев қорғаныс операциясы арқасында астанамызды қорғай алғанымызды мақтан тұтамын. Енді бұл қалада брифингтер өткізуге, пікір мен көзқарасты қалыптастыруға және шешімдер қабылдауға болады", – деп мәлімдеді ол.

60 жастағы Сырский "осындай шаралар еркін және тәуелсіз Украинада да өтуін қамтамасыз ету үшін" күш салуға уәде берді. "Ол үшін біз соғысқа және қазір нақты нәтижелер көрсетіп жатқан тиімді стратегияға назар аударуымыз керек", – деп жазды Сырский.

Бас қолбасшы бұған қоса Федоровқа жұмысы үшін алғыс айтып, оған "ары қарай да Украина командасы құрамында қала бер" деп тілек білдірді.

35 жастағы Михаил Федоров мұның алдында, 16 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында генерал Александр Сырскийді қатты сынға алған еді.

"Біз ұсынған бастамалар кедергілерге тап болды, ал біз бүгін көтерген мәселелердің бәрін ескеретін болсақ, Сырский оларды бетпе-бет айтуға дайын емес. Ол жеке кездесулерге баруға, ши жүгіртіп, біреу БАҚ-қа әлдебір науқан жүргізуге тапсырыс берді деп ойлауға дайын... Осының бәрі айналып келгенде оның іс жүзінде талап қоюына әкелді. Осылайша, Ресейді асимметриялық түрде қалай жеңу керегін ойлаудың орнына, ол елді жікке бөлуді ойлап тапты. Мәселенің үлкені осы болып отыр", – деген Федоровтың сөзін келтірген Азаттықтың Украин қызметі. Федоров Сырский мен Бас штаб бастығы Андрей Гнатовты ауыстыруды ұсынғанын айтты.

IT кәсіпкер ретінде танымал Михаил Федоров бұған дейін Владимир Зеленскийдің сайлауалды штабында цифрлық бөлімді басқарған. Кейін ол үкіметте премьер-министрдің цифрлық трансформация мен инновацияға жауапты орынбасары болып істеді. 2026 жылдың қаңтарында Украинаның қорғаныс министрі болып тағайындалды. Федоров Украина армиясын технологиялық жаңғыртудың және дрон жүйелерін дамытуды жақтайтын негізгі тұлғалардың бірі саналады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Украина парламенті жаңа премьер ұсынған үкімет құрамын бекіттіУкраина парламенті Сергей Корецкийді премьер-министр етіп тағайындауды мақұлдадыЗеленский Украина үкіметі жетекшілігіне Сергей Корецкийді ұсындыМихаил Федоров Украинаның қорғаныс министрі қызметінен кететінін растадыУкраина премьер-министрі Юлия Свириденко қызметінен кетеді