Зеленский: Ресей ұзақ уақыттан бері алғаш рет Солтүстік Корея ракетасын қолданды

Украинаның Днепропетровск облысына жасаған шабуылы. 30 шілде 2026 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский алдын ала дерекке сүйене отырып, Ресей әскері ұзақ уақытта бері алғаш рет Солтүстік Корея ракетасын қолданғанын мәлімдеді.

“Әрине, әлі тағы сараптама жүргізіліп, бәрі тексеріледі, бірақ қазіргі кезде солтүстіккореялық баллистика [қолданған]” деп жазды ол.

Ресейдің Украинаға соққы жасауда Солтүстік Кореяның ракетасын пайдаланғанын екі дереккөзге сүйенген Reuters те жазды.

Ақпарат агенттігінің жазуынша, Ресейдің ұзақ үзілістен кейін осындай оқ-дәріні пайдалануы оған жаңа қару-жарақ түскендігінен хабар береді.

30 шілдеге қараған түні Ресей әскері Украинаның Днепропетровск облысындағы Радушное ауылына соққы жасаған. Соның салдарынан екі жеке үй қирады. Зеленскийдің сөзінше, үш бала және олардың ата-аналары қаза болған. Тағы бес адамның жағдайы белгісіз.

Бұған дейін Зеленский барлау деректеріне сүйене отырып, Ресей Солтүстік Кореядан тағы 30 мың әскер алғысы келетінін хабарлаған. Оның сөзінше, Пхеньян сонымен бірге Ресейге баллистикалық ракетаға арналған жаңа қондырғы беруді жоспарлап отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

NK Pro: Солтүстік Корея Украинадағы соғыста кемінде 2,3 мың сарбазынан айырылды Пхеньянда "шетелдегі әскери операцияға қатысқандардың" отбасына арналған тұрғын үй ауданы ашылдыБарлау қызметі: Солтүстік Корея Ресейге 5 мың әскери құрылысшы мен 1000 саперін жібердіAFP: Тұтқынға түскен Киевтегі солтүстіккореялықтар өздерін Оңтүстік Кореяға тапсыруды сұрады Солтүстік Корея алғаш рет құрлықаралық ракетасын көрсетті