Зеленскийдің ескертуі, Путиннің жауабы, жабылған «Орыс үйі» | Соғыс жаңалықтары

Your browser doesn’t support HTML5

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің әуе кеңістігі барған сайын қауіпті болып бара жатқанын ескертті, ал Владимир Путин мұны «мемлекеттік терроризмге» балады. Путин Ресей әскері майданда алға жылжып жатқанын мәлімдегенімен, Украина тарабы оның Харьков облысындағы Казачья Лопань туралы сөзін жоққа шығарды. Осы арада АҚШ Орталық барлау басқармасы директорының Мәскеуге соғыс басталғалы алғаш рет барғаны белгілі болды. Ал Киевте Украина қауіпсіздік қызметі мен әскери барлау өкілдері арасында қарулы жанжал болғаны хабарланды.