Жамбыл облысында полиция қызметкері жұмыс орнында қаза тапқан

Көрнекі сурет.

28 мамыр күні таңертең Жамбыл облысы Қордай аудандық полиция бөлімінде арнаулы жасақ тобының қызметкері қаза тапты. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Кешенді, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ішкі тергеу басталды. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиғаның қызметке қатысы жоқ", деп мәлімдеді департамент.

Қазақстандық Halyqstan telegram-арнасы, 1995 жылы туған инспектор аудандық полиция бөлімінің казармасы дәлізінде оқ тиіп ауыр жараланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен есін жимай қайтыс болған деп жазды.

Оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз, құзырлы органдар бұдан өзге мәлімет бермеді.