"Айлық ештеңеге жетпейді". Жаңаөзенде тағы бір мекеме жұмысшылары ереуіл бастады

Your browser doesn’t support HTML5

19 шілдеде Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдына "БатысГеофизСервис" компаниясының 30 шақты қызметкері жиналды. Жалақы мен еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен олар мәселеге әкімдік пен прокуратураның араласуын қалайды. Жұмысшылар сөзінше, компания басшылығы талапты орындауға асықпай отыр.