Жапонияда жер сілкінісі болды. 20-дан астам адам зардап шекті

Айти префектурасында әйнегі шағылған сауда орны. Жапония, 8 қараша 2026 жыл.

Жапонияда жексенбіге қараған түні 5,7 магнитудалық жер сілкінісі болды. Бұл жөнінде жергілікті билікке сүйенген Kyodo News жазды. 20-дан астам адам зардап шекті.

Айти префектурасында бұл соңғы 30 жылдағы ең қуатты зілзала ретінде тіркелген. Биліктің айтуынша, префектураның кейбір аудандарында сумен қамтамасыз ету жүйесінде ақау пайда болған. Жапон телеарналары көрсеткен хабарда дүкендердің әйнегі шағылып, тауарлардың жерде жатқаны көрінеді.

Метеорологиялық агенттік алдағы бірнеше күнде тағы қуатты жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті.

  • Шілдеде Жапонияда 7,1 магнитудалық жер сілкінісі болған еді. Зілзаланың салдарынан мыңдаған үй жарықсыз қалды, жолдар мен көпірлер бұзылды, кейбір ғимараттан өрт шыққан, бүлінген.