Қытайдағы саяситәрбиелеу лагерьлері туралы айтылып келе жатқанына биыл төрт жыл болады. Қазақстан билігі әуелде мұны Қытайдың "ішкі ісі" деп араласпаған. Кейін онда этникалық қазақтар барын жоққа шығарды.
Мәжіліске өткен партияларға мандат үлестірілген соң үш партия төменгі палатадағы фракциясын жасақтады. 98 орынның 77 пайызын алған "Нұр Отанның" да, 12 орын алған "Ақ жол" мен 10 орын бұйырған "Қазақстан халық партиясының" да тізімінде бұрын депутат болмаған адамдар бар.
Норвегиялық Хельсинкі комитеті мен Human Rights Watch халықаралық ұйымы 10 қаңтарда Алматыда полицияның сайлауға наразылық білдірген адамдарды алаңда он сағатқа жуық құрсап ұстауын "бейбіт демонстранттарға бағытталған репрессивті тактика" деп айыптады.
10 қаңтар, парламент сайлауы өткен күні, Азаттық тілшілері бірнеше заң бұзу фактісіне куә болды. Алматы облысындағы дауыс берушілердің кейбірі бірнеше бюллетеньді қатар тастады.
Азаттық тілшісі Алматы облысындағы Қасымбек пен Еңбекші ауылдарындағы №344 және №446 сайлау учаскелерінде бір адамның сайлау жәшігіне үштен көп бюллетень тастағанына куә болды. Мұны сайлау комиссиясы мүшелері де, бақылаушылар да "байқамады". Бір учаскесінің төрайымы тілшінің тез кетуін талап етті.
Алматы облысы Қарасай ауданы Мерей ауылындағы №496 сайлау учаскесінде Азаттық тілшісі комиссия мүшесінің сайлау жәшігіне түсі бірдей бірнеше бюллетень салып жатқанын байқап қалды. Комиссия төрайымы "бір қолға үш бюллетень берілетінін, заң бұзатын ештеңе болмағанын" айтты.
Қазақстанда биліктің ауысуын, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған жүйенің өзгеруін қалайтын оппозицияның 10 қаңтардағы сайлауға құрған жоспары әртүрлі.
5 қаңтарда екі белсенді сайлау учаскесіне барып, өздерін дауыс берушілер тізімінен шығарып тастау жөнінде өтініш тапсырды. Олар сайлауға тек партиялық тізіммен ғана қатысу Конституцияға қайшы деп есептейді.
Қазақстанда сайлау учаскелерінің көбі мектептерде орналасады және комиссияның құрамына да сол оқу орны директорлары мен ұстаздары кіреді.Қоғамда оларға дауыс ұрлауға ат салысады дейтін сын да жиі айтылады. Әріптестері оларды алдағы парламент сайлауында адал болуға шақырды.
Ақтөбеде "Нұр Отан" партиясының сайлауалды үгіт-насихат плакатын жыртқан азаматтық белсенді Асанәлі Сүйеубаев жүйке аурулары диспансеріне жатқызылды. Белсенді Сүйеубаевты үйінен жедел жәрдем бригадасы мен учаскелік инспектор 21 желтоқсан күні әкеткен.
16 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздігі күні елдің әр өңірінде тұрғындар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен трагедиясын еске алды. Бірнеше қалада белсенділер құрбандарға құран бағыштады. Жиынға бармақ болған кейбір адамды құзырлы орган қызметкерлері үйінен шыға бере ұстап әкетті.
Желіде 16 желтоқсан - Қазақстанның тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр.
Желіде Ресей думасының депутаты Евгений Федоровтың Қазақстан территориясы жайлы пікірін талқылады.
Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясына қарасты компанияның жүздеген қызметкері жалақыны көбейтіп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты. Жұмысшылар жұмыстың ауырлығын, жалақының аздығын айтып, басшылыққа талаптар қойды.
Тағы