Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясы төрағасы лауазымын тапсырып беру шешімін кейбір депутат тосын оқиға болды дейді; Нұр-Сұлтан іргесінде жалғызбасты әке алты бала бағып отыр; Ресей АҚШ-ты "ядролық шабуыл жасамақ" деп айыптады.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының төрағасы қызметін қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырып бермек; Балаларын лақтырып, биіктен өзі де секірген әйелді туыстары "мінезі ашық" еді деп сипаттайды.
Алматыда бір әйел тоғызыншы қабаттан үш баласын лақтырып, соңынан өзі секіріп кеткен; Бір топ адам Қарағанды түрмесінде туыстарының азапталып жатқанын айтады. Құзырлы органдар жоққа шығарады; Қазақстанда коронавриусқа қарсы ревакцинация басталды. Үшінші дозаның қандай пайдасы бар?
Орал соты Орынбай Оқасовты "экстремистік ұйым қызметіне қатысты" деп айыптап, бір жылға бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Белсенді жергілікті әкімдік рұқсат еткен митингіде "Бостандық!", "Талап етеміз!" деп ұрандаған. Прокурор осы сөздерді "экстремистік ұранға" жатқызған.
Алматыда бұрынғы әкім Бауыржан Байбектің қатысы бар делінген "Рахат" базарының дауы әлі бітпеген; Нұр-Сұлтанда бір топ әйел балаларға вакцина салуға қарсылық білдірді. Австрия билігі тұрғындарға екпені міндеттемек; ҚДТ митингісінің қарсаңында белсенділер полицияға шақырылып жатыр.
Зерттеушілер Қазақстанда жастардың жартысына жуығы "саясатқа қызықпайтынын" анықтаған. Тоқаев "киндер-сюрприз" деп атаған ҚДТ қозғалысының құрылғанына 20 жыл болды.
Қазақстанда құқық қорғаушылар есебінше 2021 жылы митинг өткізу туралы 150-ге жуық өтінішке рұқсат берілмеген. Степногорск мектебінде оқушылар арасындағы әлімжеттікті жасырған ба? Әзербайжан мен Армения арасы қайта бүлінді. Екі жақтың сарбаздары шекарада қақтығысып қалды.
Қазақстанда екпеге деген екіұдай пікір мен алып-қашпа әңгіме үдеп тұрған тұста 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастады. Денсаулық сақтау министрлігі балаларға Pfizer екпесін ұсынады. Балаларға екпе не үшін керек? Жасөспірімдер екпе алғанда нені ескеруі тиіс?
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы жиынын өткізді. Белсенділер бұл кеңестен "үміт жоқ" дейді; Бір ай бұрын тілшіден қашып, лифтіге тығылған премьер-министр бір топ журналистке сұхбат берген. Бірақ тәуелсіз ақпарат құралдарын шақырмаған.
15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы теңгенің айналымға енгеніне 28 жыл болды; Теңге күні Алматыда ондаған адам несиені кешіруді талап етті; АҚШ пен Қытай басшыларының кездесуі қарсаңында Америкадағы қазақ Ақ үй алдына барып наразылық білдірді.
Алматы іргесіндегі ауылдарға көмір жетпей жатыр. Тұрғындар күні-түні кезекте тұратынын айтады. Қазақстанда балалар мен жүкті әйелдерге америкалық вакцинаны егу басталды. Саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ жағдайда көз жұмғанына 16 жыл болды
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Азаттық радиосы журналисінің сұрақ қойып, соңынан ергенін "шабуыл" деп атады. Куәгерлердің көргені басқа; Қазақстанның электронды үкімет порталы ресейлік Сбер платформасына беріле ме, жоқ па? Белсенді жазбасынан соң дау қайта көтерілді.
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Ресей министрінің "Қазақстанда орыстілділерге қатысты ксенофобия көзқарасы байқалды" дегеніне орай қойылған сұраққа жауап бермеді; Қазақстанның әр өңірінде электр жарығы сөніп қалып жатқаны туралы арыз-шағым көбейді. Сарапшылар оған майнерлер кінәлі дейді; Беларусь шекарасынан Еуропаға қарай мигранттар ағылып жатыр. Батыс "мұның артында Кремль тұр" деп есептейді.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Қазақстанда орыстілділерге байланысты ксенофобия бар" деді. Ресей нөмірін таққан көліктердің келешегі не болады? Ақтөбеде жүз шақты адам арыз-шағым айтып, талап қойды. Полиция жұмысына көңіліңіз тола ма? Ішкі істер министрі мәліметінше, халықтың көбі құзырлы орган қызметкерлеріне сенеді.
Польша 9 қарашадан бастап Беларусьпен шекарасын жабатынын мәлімдеді. Дүйсенбі, 8 қарашада Польша шекарашылары Беларусь жақтан келген мыңдаған босқынды Еуропа аумағына өткізбей, жолын бөгегенін мәлімдеді. Варшава шекарадағы мигранттар мәселесі ұшыққанын айтып, дабыл қағып жатыр.
8 қарашада Беларусь тарапынан келген 3-4 мың мигрант Польша шекарасына келіп, Еуропаға өтпек болды. Польшалық әскерилер олардың жолын бөгеп, өткізбеді. Варшава 9 қарашадан бастап Беларусьпен шекарасын жабатынын мәлімдеді.
Қазақстанның бірнеше қаласында ресейлік нөмірі бар көлік жүргізушілері "қысым көбейіп жатқанын" айтып наразылық білдірді; "Абай" шахтасындағы жарылыстан 6 адам мерт болды. Соңғы жиырма жылда Қарағанды шахталарындағы жарылыстардан 105 адам көз жұмған
Тоқаев Пенжімдегі оқиғаны "ұлтаралық жанжал" демейді, бірақ халықтар достығын нығайтуға шақырады; Шетелдегі қаржысы бақыланатындар тізіміне Назарбаев отбасы ене ме? Қамауда отырған ресейлік оппозияционер Алексей Навальныйға қысым көрсету үшін арнайы отряд жасақталған.
Арыз-шағым айтқандарға есігін ашпақ түгіл маңайынан жүргізбейтін Ақорданы пиаршы блогер емін-еркін аралап жүр; Ауғанстандық студенттер Қазақстанға жете алмай отыр. Елді аштық пен суық та қсып барады; Қытайдағы туыстарын түрмеден босатуды талап етіп жүргендердің наразылық акциясына 270 күн болды.
Тағы