Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астанада парламент палаталарының біріккен отырысы өтіп, жаңа сессиясы ашылды. Жиынды ашқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризм қаупі мен әлемдегі дағдарыс мәселелерін де айтты.
Балқаш қаласындағы №9 орта мектепте дене шынықтыру пәнінінің мұғалімі Жұмағазы Мұхамеджанов тоғыз жылдан бері оқушыларға олимпиадалық спорт түрі - садақ тартуды үйретіп келеді.
Балқаштық электромонтер Николай Савидов 30 шақты жылдан бері микроминиатюрамен шұғылданып келеді. Микроминиатюра - ұсақ бұйымдарға композициялар мен көркем сурет салу өнері. Шағын қалада танымал шебер бұл туындыларынан табыс таппағанын айтады.
Астанада бүгін таңертеңнен бері белгісіз ер адам ломбардта кепілге алған екі әйел босатылды. Күдікті ұсталған соң полиция ол «ломбардты тонамақшы болған» деп мәлімдеді.
Бірнеше жыл бұрын ақшасын төлеп қойған ондаған үлескер пәтерлерін салып беруді талап етеді. Бас прокуратура дерегі бойынша, Қазақстанда тоғыз мыңнан астам отбасы салынып бітпеген 60 тұрғын үй кешеніндегі пәтерлеріне жете алмай отыр.
Есіл аудандық 2-соты бірнеше ай үйқамақта отырған Қазақстан Журналистер одағының төрағасы мен оның ұлын кепілге босатуға және сот отырысын Алматыға ауыстыруға рұқсат етпеді.
Астана қаласы Алматы ауданындағы Теміржол кентінің тұрғыны ауласының батпақтанып, үйінің бүлінгенін айтады.
Астананың іргесіндегі Теміржол кентінің тұрғындарының елді мекендегі көлік жолына асфальт төсеуді жергілікті биліктен сұрап жүргендеріне он жылдан асты. Биліктің ресми жауабында Теміржол кентіндегі жол жөндеу жұмыстары 2018 жылдан кейін жүргізілетіні айтылған.
Астананың орталық көшелерін жаңбыр суы басып қалды. Билік жауын-шашынның «аномалды» екенін айтады. Синоптиктер дерегінше, жауын-шашынның бір айлық мөлшері бірден жауған. Биліктің айтуынша, «қала аумағы тез ұлғайып, жаңбыр суы арыққа сыймай кеткен». Сондықтан қазір Астанада суды сорғызып жатыр.
Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті. Президент Назарбаев Алматыдағы шабуылдарды террорлық акт деп атады.
Маусымның 24-і күні үйін сүруге қарсылық білдіріп, оған бола берілген өтемақыға көңілі толмай өзін-өзі жармақ болған Әділбек Мейрамовқа үш бөлмелі пәтер берілді. Астана, 14 шілде 2016 жыл.
AzattyqLIVE үкімет жанынан құрылған жер комиссиясының жұмысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен талқылады.
Астанадағы "Ата-Кент" тұрғын үй кешенінің үлескері Ольга Цветкова үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды. Цветкованың айтуынша, ол екі жыл бұрын Көктал шағын ауданында жаңа салынып жатқан үйден пәтер алу үшін 9 миллион теңге берген.
AzattyqLIVE 1916 жылғы көтерілістің тарихи шындығы мен көркем әдебиеттегі көрінісін талқылады. Хабар қонағы жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай болды.
AzattyqLIVE хабары «Қазақстандағы діни радикализмнің бетін қалай қайтаруға болады?» деген сауалды теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаймен талқылады.
Астана билігі «Ударный» бау-бақша серіктестігіндегі Толқын Ержігітованы кәмелетке толмаған үш баласымен бірге баспанасынан шығармақ.
"Діни радикалдар" деп сипатталған полиция мен әскерге шабуылдаушылардың туыстары және оқиға куәгерлері Азаттық тілшісіне полициямен атыстың жай-жапсарын баяндады.
Ақтөбедегі атыстан соң Қазақстанда 40 күнге террорлық қатердің «сары деңгейі» жарияланып, SMS-хабарламалар таратылып, БАҚ арқылы ескертпелер жасалды.
Азаттық тілшілері мәжіліс депутаттарынан 5 маусым күні Ақтөбедегі болған полиция мен белгісіз топтың арасындағы атыс жайында сұрап көрді. Астана, 6 маусым 2016 жыл.
Қазақстанда жер реформасына қатысты митингілерді шымкенттік бизнесмен, қамауда отырған Тоқтар Төлешовтің "қаржыландырғаны хабарланды".
Тағы