Соғысқа барудан қашқан ұлты шешен ресейлік Зелимхан Муртазов бір жарым айдан бері Астана әуежайының транзит аймағында тұрып жатыр. Тағы бір шешен Мансур Мовлаевқа Ресейге экстрадициялану қаупі төніп тұр. Солтүстік Кавказдан шыққан адамдарға босқын мәртебесін бермеудің сыры неде?
Дағыстан, Краснодар өлкесі, Волгоград пен Ростов облыстары, журналистердің дерегінше, Украинада қаза тапқандар саны жағынан алда тұр. Кавказ.Реалий сайтының есебінше, Дағыстан – екінші орында. Ал Кубаньда соғыс басталғалы Украинадағы майданда өлгендерді жерлеу жиілеген.