Азаттық бұрынғы президентке мадақ айтып, кейін қызметі өскендерді шолып шықты.
Сандж зерттеу орталығының зерттеуі бойынша, "Нұр Отанды" қолдау 71 пайыз емес 56 пайыз болған. "Ақ жол", "Адал", "Ауыл" партиялары 10 пайыздан жоғары дауыс алған. Ал ҚХП (бұрынғы коммунистер) жеті пайыздық межеге жетпей қалған.
Парламент сайлауында бақылаушы болған бірнеше азамат дауыс санау процесіне қатыса алмады. Учаскелер жабылып, бюллетендер есептеле бастағанда кейбір қалада тәуелсіз бақылаушыларды алысқа тұрғызып қойып, қарсылық танытқанын шығарып жіберіп жатты. Учаскеде кешкісін пайда болған белгісіз адамдардан кей
Алматыдағы № 173 сайлау учаскесіндегі комиссия төрағасы Нұржан Ысқақов Азаттық тілшісін "ПТР тестің жоқ" деп, учаскеден күштеп шығарды.
Қазақстан соты жемқорлық, ақша жымқыру айыптарымен ұзақ жылға сырттай соттаған ерлі-зайыпты Виктор мен Лейла Храпуновтар Швейцариядан саяси баспана алды.
Биыл Қазақстанда тұрмыстағы зорлық жиіледі. Күйеуінен зәбір көрген әйелдер келетін дағдарыс орталығының қызметкері "шағым әсіресе карантин кезінде өскенін" айтады. Оның сөзінше, қала шекарасына қойылған блокпостардан кейбір әйел дағдарыс орталығына келе алмаған.
Этникалық қазақтар мәселесін әуелі "Қытайдың ішкі ісі" деп, биыл "Шыңжаңдағы қысымнан қаштық" деген төрт қазаққа босқын мәртебесін берген Қазақстан билігі Қытай саясатына қатысты позициясы өзгертті ме? Қандастар мәселесін көтеріп жүрген сарапшы "Нұр-Сұлтаның дербес саясаты" жайлы айтады. "Қазақстанғ
Қазақстанда биыл кедейлер көбейді ме, азайды ма? Билік коронавируспен бірге келген экономикалық дағдарыспен қалай күресті? Азаттықтың осы және өзге де сұрақтарына жауап берген экономист Меруерт Махмұтова "індетпен күреске бөлген қаржы билік маңында жүргендердің қалтасына кетті" дейді.
Желіде Қызылордадағы Қытай компаниясында істейтін жұмысшылардың президент Тоқаевқа үндеуін талқылады.
Орталық сайлау комиссиясы 4 желтоқсанда бақылаушылар жұмысына бірнеше шектеуі бар жаңа қаулы қабылдаған. Бүгін сол қаулыны алып тастауды талап еткен "Тәуелсіз бақылаушылар" ұйымының арызын Жоғарғы сот қабылдамады. Шағым түсіретін мерзім өтіп кетті дегенге сілтеді. Ұйым жетекшісі Арайлым Назарова Аза
Алматының №1 ауруханасының 80 қызметкері президент жарлығына сәйкес белгіленген үстемақыны ала алмай жүр. Аурухана ауласына жиналған наразы медқызметкерлер қазан айында тоқтаған үстемақыны толық төлеуді талап етті. Олармен сөйлесуге шыққан аурухана басшылығының пікірі өзгере берді.
Алматыда ипотекалық қарызы бар ондаған азамат "Нұр Отан" ғимаратына келіп, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестіруді талап етті. Доллармен несие алып, кейін оны қайтара алмаған азаматтар "мемлекет мәселемізді шешуге құлықсыз" дейді. Олардың арызын тыңдаған партия өкілдері бірінші президент
Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауынан бір ай бұрын экзитпол жүргізетін ұйымдар тізімін жариялаған. Кейін биліктен тәуелсізбіз деген ұйымдар тізімге ешқандай негізсіз енбей қалғанын мәлімдеді. Экзитполдың сайлаудың әділ өтуіне қандай қатысы бар? Билік оған неге араласады?
Бүгін Алматыда Желтоқсан мен Жаңаөзен құрбандарын еске алуға келген тіркелмеген "Демократиялық партия" мен "Оян, Қазақстан" қозғалысы белсенділерін арнайы жасақ үш сағаттай қоршауда ұстады. Билік өкілдері біртіндеп қайтыңдар деген талапқа наразылар көнбеді.
Желіде Қазақстан билігінің мейрам қарсаңында орден мен медаль таратуын талқылады
68 жастағы алматылық зейнеткер бір аптадан бері аштық жариялап жатыр. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін үйі күрелетініне наразы. Алматы әкімдігі қарияның акциясына әзірге жауап қатпады. Тұрғындар әкімдік "заң бұзып отыр" дейді.
14 желтоқсанда түнде Алматыда тұратын тарихшы, саяси белсенді Есенғазы Қуандықтың көлігі өртенді. Қуандық мұны өзінің белсенділігімен байланыстырады. Полиция іс қозғап, тергеуді бастадық дейді.
Тағы