Әлеуметтік желі бала өмірінің бір бөлігіне айналып үлгерді. Кей отбасында бала телефонмен оянып, экран жарығымен ұйықтайды. Хат-хабар алмасудан бөлек, желіден ақпарат алады, әлемді тануға тырысады. Бірақ бұл әдет, денсаулық, тіпті өміріне кері әсер ететін тәуелділікке қалай әкеледі?
"Заңсыз лотерея ұйымдастырды" деп айыпталған ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға үкім шықты. Блогерлерге ұтыс ойыны үшін қозғалған алғашқы қылмыстық істің астарында не жатыр?
Қазақстанда шетелдік азаматтар уақытша тұруға рұқсат алу үшін қазақ тілінен тест тапсырып, В2 деңгейін растауы керек деген ақпарат тарады. Астана мұны ресми растаған жоқ. Дегенмен Қазақстан ақпанда уақытша тұруға рұқсат алғысы келетіндерден қазақ тілін бастапқы А1 деңгейін білуді талап ете бастаған.
Мәжіліс психологиялық қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттар бір-бір жарым жылдық курстар оқып психолог болып жүрген мамандардың жұмысын шектемек. Дипломы барлардың базасын жасамақ. Психологтарды жауапқа тарту да қарастырылады. Азаттық психолог Сая Бақимовамен сөйлесті.
Алматы әкімдігі "Рахат" базарын сүріп тастап, орнына сауда кешенін салғызбақ. Базарда қазір жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге басқа жаққа көшу ұсынылған. Саудагерлер оған келіспей отыр.
Семейлік Олжас Тұрсынов — Қазақстанда декретке шыққан санаулы әкенің бірі. Жақсы жалақысы бар жұмысын уақытша тоқтатып, сәбиін бағып-қағуды ұйғарған. Қазір Олжас жүзге жуық азаматтың басын біріктірген "Әкелер әлемі" чатын жүргізіп отыр.
Тағы