"Oyan, Qazaqstan" қозғалысының мүшесі Димаш Әлжанов "Қазақстандағы саяси модель өзгермесе, билік басына ондаған жыл тапжылмай отыратын тағы бір президент келуі мүмкін" дейді. Азаттыққа берген сұхбатында ол жақында өткен сайлау, биліктің құрғақ уәдесі, оппозицияның басы неге бірікпейтіні жайлы айтты.
Сайлау күні Алматы полициясы бейбіт наразылық акциясына шыққан азаматтарды қоршап, ас-су бергізбей, әжетханаға шығармай 9 сағатқа дейін суықта далада ұстады. “Кеттлинг” дейтін бұл әдіс қайдан келді, өзге елде қолдана ма, Қазақстандағысы азаптау емес пе? Азаттық түсіндіреді.
Алматыда саяси реформа жасап, саяси қуғынды тоқтату талабымен еткен бейбіт жиынға жүздеген адам қатысты. Ұйымдастырушылар билік келісім берген шараны "Шал, кет!", "Назарбаев, кет!" деген ұрандардан соң жарты сағат бұрын аяқтады. Алаңда мобильді интернет ажырап қалған соң көп ұзамай жұрт тарады.
14 қазанда Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы "Интернеттегі еркіндік" (Freedom on the Net-2020) есебін жариялады. Ұйым биылғы есебінде де Қазақстанды "интернеті еркін емес ел" деп атады.
Франция билігі жақында осы елден саяси баспана алған қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты Қазақстан үкіметінің сұрауымен ұстап, ол екі тәулік абақтыда отырып шықты. Нұр-Сұлтан Әблязовты "ірі көлемде қаржы жымқырған" деп айыптайды, саясаткер оны жоққа шығарады.
Қазақстан билігі совет кезінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды "толық ақтап алу" туралы мәселе көтерді. Ал белсенділер мен құқық қорғаушылар билік әуелі бүгінгі саяси тұтқындарды ақтап, босатуы тиіс деп санайды.
Құқық қорғаушылар Қазақстанда тыйым салынған оппозициялық ұйымның 25 қыркүйекке жоспарлаған митингісі қарсаңында билік белсенділерге қысым жасап жатыр деп санайды. Кейінгі бірнеше аптада ондаған белсенді "заңсыз шеруге қатысқаны" үшін жазаланған.
Беларусь президенті Александр Лукашенко билікке қарсы наразылық шеруіне шыққан жұртты "арақ ішіп, есірткіге еліткен" деп қаралады. Постсоветтік елдердің көбінде президенттер билікке наразыларды жиі кекетіп-мұқатады. Сарапшылар "наразыларды қаралау – авторитар басшыға тән әдіс" дейді.
Нұр-Сұлтан соты оппозициялық белсенді Ербол Есхожинге полиция өкілдерін "Назарбаевтың күшіктері" деп атағаны үшін ірі айыппұл салды. Саяси ұстанымына байланысты қудаланғанын айтқан белсенді апелляцияға арыз бермек. Құқық қорғаушылар үкімді белсенділерді қорқытудың амалы деп санайды.
"Activists 2.0. Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің цифрлы технологиялар дәуіріндегі трансформациясы". Қазақстандық PaperLab тобы осындай зерттеу жүргізіп, елдегі белсенділіктің жай-күйін талдады.
Нұр-Сұлтан сотында белсенді Ербол Есхожиннің қылмыстық ісі қаралып жатыр. Полицейлер оның сөзін қорлау деп қабылдаған. Тәуелсіз сарапшылар "Назарбаевтың күшіктері" деген сөз қорлау емес дейді. Белсенді істің саяси астары бар деп санайды.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке келгелі екінші рет жариялап отырған халыққа жолдауын талдап, "Қазақстанда наразылық көңіл-күй күшейеді, елдің қоғамдық-саяси өмірінен басқа өзгеріс күтудің қажеті жоқ" деген қорытынды жасады.
Тағы