Accessibility links

Егер терроршылдық тыйылмаса, онда Тайау Шығыста бейбітшілік орнатудың мүмкіндігі болмайды деп Палестин жетекшілігін Ызрайль бас министірі Ариэль Шарон ескертті.


АҚШтың Мемілектік хатшысы Колин Пауелл екі жақты қан төгісті арандатуларға қарамастан бейбітшілік орнату жоспарынан бас тартпауға шақырды.Бұдан алдын Палестин жерлерінде болған қарулы қақтығыстардан 5-еврей мен 6-арап өлтірілді.Халықаралық қауымдастық Тайау Шығыстағы бейбітшілік орнанту ісін күшейте түспек.Бүгін АҚШ ел басы Джордж Буштың өтінішімен Италия бас министірі Сильвио Берлускони Құдыста Ызрайльдік әріптесі Ариэль Шаронмен кездеседі,одан кейін ол Иордания мен Мысырға ат басын тірейді.Сапардың мақсаты АҚШ ел басының аймақта бейбітшілік орнату бойынша әрекетін қолдау.Ызрайль Сыртқы істер министірі Сильван Шалом бүгін Мәскеуде Ресейлік әріптесі Игорь Ивановпен Ресейдің Тайау Шығыста бейбітшілік орнату жоспарының қыр сырын талқылады.
XS
SM
MD
LG