Accessibility links

Ирақтағы АҚШ күштеріне тағы да шабуылдар жасалды.


Ирақтағы Құрама Штаттар әскерилерінің хабарлауынша, бүгін Бағдадтың солтүстігінде олардың көлігіне белгісіз біреулер жасаған шабуылдан бір әскер қаза болып, бесеуі жараланған.Өз атын атамаған әскери өкілдің айтуынша, Бағдадтың солтүстігіндегі әскери жасақтың тұрағы атқыланып,онда ирақтық 1 аудармашы жараланған.Әскери басшылық тағы екі әскердің жоғалып кеткенін қабарлады. АҚШ-тың қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд Ирақтағы коалиция күштеріне жасалып жатқан шабуылдар кең көлемді партизандық соғысқа айналып кетуі мүмкін деп күдіктенеді.Рамсфелдтің сөзіне қарағанда, АҚШ күштеріне қазіргі жасалып жатқан шабуылдар кәдімгі қылмыскерлердің ісі.Ирақтағы соғыс мамыр айында аяқталды деп жарияланғаннан бері де Ирақтағы Құрама Штаттар әскерінің 20-дан аса жауынгері қаза болған.
XS
SM
MD
LG