Accessibility links

Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттер министрлері Алматыда бас қосады


БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған арнайы резолюцияға сәйкес тамыз айының 28-29 күндері Алматы қаласында теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы мемлекеттер министрлерінің халықаралық конференциясы өтпекші.

Оған транзитті және донор елдердің, сондай-ақ транзитті тасымал саласында маманданып келе жатқан экономикалық ұйымдар мен халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері де қатыспақшы.

Бұл туралы «Азаттық» радиосына Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау бөлімінің хатшысы Болат Ыбырайханов хабарлады.

Оның айтуынша жуырда БҰҰ ның мемлекетаралық дайындық комитетінің Нью-Йоркте өткен бірінші сессиясына Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов бастаған өкілдері қатысқан кезде белгілі болған. Әлемде теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы елдер қатарына Қазақстан бастаған 31 ел қамтылады.

Алматыда өтетін халықаралық конференция теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттерге қолұшын беру саласында ғаламдық әріптестікті жандандыруға, транзиттік тасымал инфрақұрылымын дамыту арқылы теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің әлемдік шаруашылық жүйесіне қатысу мүмкіндігі мен ролін арттыруға жол ашады деген сенім бар.
XS
SM
MD
LG