Accessibility links

Қазақстан мен дүниежүзілік сауда ұйымы


Қазақстандық делегация ДСҰ-ына енуге байланысты Женевада өткен келіссөздерге қатысты

Шілденің 9- 15-i күндері аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және Сауда министрі Әділбек Жақсыбеков бастаған үкіметтік делегация Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену шарттары жөнінде Женева қаласында өткен келіссөздерге қатысты, -деп хабарлады шілденің 17-і күні Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау басқармасы.

Индустрия және Сауда министрі Әділбек Жақсыбеков пен Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Супачае Паничпакдидің арасында болған кездесуде көпжақты сауда жүйесін дамыту жайы және әлемдік экономикаға Қазақстанды ықпалдастыру мәселелері талқыланған.

Дүниежүзілік сауда ұйымының басшылығы Қазақстан Республикасының экономикалық жетістіктері, индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру жайымен таныстырылған.

Әділбек Жақсыбеков, Ел басшылығының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірудегі саяси еркін нақтылап, қызу дайындықтардың жалғасып жатқанын жеткізген. Сондай-ақ президент Нұрсұлтан Назарбаевтің шақыруымен Супачае Паничпакдидің Қазақстанға сапармен болып қайтуына Қазақстан делегациясының жетекшісі сенім білдірген.

Бас директор Қазақстанның ДСҰ-ына жуық уақытта кіруінің маңыздылығын және бұл мәселеге президент Нұрсұлтан Назарбаевтің қолдау көрсетіп отырғанына осы жылдың басында болған кездесу кезінде көз жеткізгенін айтқан.

Супачае Паничпакди ДСҰ хатшылығының республикаға қажетті техникалық және ұйымдастыру мәселелеріне көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізген. Сондай-ақ ол министр Әділбек Жақсыбековтің Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін нығайту үшін дайындық кезеңін тиімді пайдалану жөніндегі пікірімен келісіп және ДСҰ-ына ену арқылы халықаралық еңбекті бөлісу және көпжақты сауда жүйесіне елдің жедел ықпалдасуына мүдделілігін білдірген. Супачае Паничпакди Қазақстанның заңдық жүйесінде жүріп жатқан реформаларға оң пікір айтқан.

Министр АҚШ, Канада, Жапония және басқа да елдлердің делгацияларымен кездескен.
XS
SM
MD
LG