Accessibility links

Петр Своиктің мәлімдемесі.

  • Сәуле ОМАР

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігі саяси кеңесінің мүшесі Петр Своиктің ҚР-сы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мен Қазақстанның бас Прокуроры Рашид Түсіпбековке жазған мәлімдемесі.

18- шілде күні «Навигатор» интернет басылымында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігі саяси кеңесінің мүшесі, 7 жылға бас бостандығынан айрылған аталған бірлестік лидері Ғалымжан Жақияновтың қоғамдық қорғаушысы Петр Своиктің ҚР-сы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мен Қазақстанның бас Прокуроры Рашид Түсіпбековке арналған мәлімдемесі жарияланды.

Петр Своиктің айтуынша, аталған хат негізінде , үстіміздегі жылдың мамыр айында жазылған. Сөйтіп, көп ретте бір- бірімен байланыстырылатын 2 қылмыстық іс, 7 жылға бас бостандығынан айрылған Ғалымжан Жақиянов пен шартты түрде жазасын өтеуге кесілген Қазақстанның бұрынғы көлік және байланыс министрі Абылай Мырзахметов ісін салыстыра отырып, жазылған мәлімдеме межеленген орындарға жіберілген.

«Бірақ, Қазақстанның Жоғарғы соты Павлодар облыстық сотының шешімін еш өзгеріссіз қалдырды. Содан соң мен де осы мәлімдемені бұқараға жария етіп отырмын. Өйткені, аталған 2 қылмыстық істі салыстыратын болсақ, саяси астармен сотталған, бірақ қылмысы нақты дәйектермен дәлелденбеген Ғалымжан Жақиянов 7 жылға бас бостандығынан айрылды да, ал ісі саясиланбаған, алайда 1 млрд теңгеден астам қаржыны өз қалтасына салғандығы анықталған Абылай Мырзахметовке шартты түрдегі жаза қабылданды. Осыдан- ақ, тиісті орындардың шешім қабылдаудағы сәйкессіздігін байқауға болады» дейді Петр Своик.

Оның пікірінше, мұндай жағдай біріншіден, Қазақстанның құқық қорғау органдары үшін, екіншіден жалпы саяси режим үшін үлкен сын. «Ал Жоғарғы соттың бұл қателікті түзейтін зор мүмкіндігі болды. Бірақ жоғарыдан нұсқау күткен ондағылар, өздігінен ешқандай да шешім қабылдай алмайтындығын тағы бір дәделдеп берді. Ал Ғалымжан Жақияновтың қазіргі хал- ахуалы, , яғни оның түрмеде құрт ауруына шалдығып, денсаулығының нашарлауы, билік үшін аталған жағдайдың одан әрі күрделенуіне негіз боп отыр» дейді «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігі саяси кеңесінің мүшесі Петр Своик.
XS
SM
MD
LG