Accessibility links

Бангладеште су тасқынынан 73 адам қаза болып, 5 млн-дай адам зардап шегіп отыр.


Бүгін Бангладештен хабарланғандай, ресми деректер бойынша муссонды жауын салдарынан болған су тасқынынан бұл елде 73 адам қаза болып, 5 млн-дай адам су тасқынынан зардап шегіп отыр.Үш апта бұрын басталған су тасқыны солтүстік, батыс және орталық аймақтарды шайып кеткен. Ақпарат құралдары миллиондаған адам үйсіз далада қалды деп хабарлауда. Жыл сайын Бангладешті су басып кетіп жатады. Ауа райын болжаушылар қазіргі су тасқынының бір-екі күннен соң қарқыны қайтады, бірақ алдағы айларда жауатын көп жауыннан қайтадан су тасқыны болуы мүмкін деп мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG