Accessibility links

Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің құқығы 17 мың мәрте бұзылды


2001-2003-жылдар аралығында Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің құқығын бұзуға қатысты 17 мың оқиға тіркелді.

Бұл туралы мәліметті сәрсенбі күні Алматыда өткен "Үшжақты әлеуметтік әріптестік арқылы нарықтық еңбек қатынастарын дамыту" атты семинарда жобаның жетекшісі Леонид Соломин ортаға салды.

- Бүгінгі таңда Қазақстанда 7 миллион 245-мың азамат еңбек етеді. Жұмыс істейтін 5 миллион адамға әлеуметтік жеке код берілген. Демек, қалған 2,5 миллиондай адам көлеңкелі еңбек қатынасы аясында қалып отыр деген сөз. Осы адамдардың құқығы толыққанды бұзылуда, - деді Л.Соломин.

Оның айтуынша, Қазақстанда құқық бұзушылық оқиғасы жетіп артылады. Алайда адамдардың басым бөлігі бұл туралы үндерін шығармай, көпе-көрнеу қанаушыларлың әрекетіне мойынсұнып, келісімге қол қоя береді. Осылайша республикада жалдамалы еңбек ететін азаматтарлың құқығы жаппай бұзылумен келеді.
XS
SM
MD
LG