Accessibility links

Буштың Либерияға аялдауы шынайы алаңдаушылық па немесе ішкі саясат па ?

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

АҚШ Либерияда бейбітшілік орнату үшін өз әскерін жібере ме соны жариялауы тиіс. Вашингтондық талдаушылар бұл мәселенің "иә" және "жоқ" деген тұстарына тоқталады.

АҚШ елбасы Джордж Буштың Африка елдеріне екі апта бұрын болған сапарынан бастап соғыстан күйзелген Либерияға бейбітшілік сақтау бойынша шағын қол аттандыра ма соны шешуі тиіс болған.

Батыс африкалық ел Либерияның елбасы Чарльз Тейлорды биліктен кетірмек үшін күресіп жүрген көтерілісшілер соңғы күндерде ел астанасы Монровиді ауыр зеңбіректерден бейберекет атқылауынан, жүздеген адамдар мерт болса, соның басым көпшілігі бейбіт тұрғындар.

Буштың нақты қадамдарға бармай отырғандығына ашулы либериялықтар Монровидегі АҚШ елшілігінің ғимаратының алдында қаза тапқан бейбіт адамдардың мәйіттерін көтеріп әкеліп, Монровидегі АҚШ елшілігінің ғимаратының алдында өз наразылықтарын танытты.

Вашингтондағы Буш әкімшілігінің мүшелері бұл мәселеге келгенде екіжақты пікірде. Буштың кейбір көмекшілерінің пікірінше, АҚШ Либериядағы адами дағдарысты жағдайға бейтарап қарап отыра алмайды, өйткені екі елдің тарихының ортақ тұстары бар .

Либерия мемлекетін 1847 жылы Америкадағы құлдықтан азаттық алған қара американдықтар құрған, олар бабаларының шыққан жері –

Африкаға оралған, сондықтан оның халқы АҚШ-тан өзіне кепілдіктер берілуі тиіс деп санайды.

Ал американдық үкіметтің екінші бөлігі болса, АҚШ әскерлері Ауғанстанда, Балқанда және Ирақта әрекет етіп жүргендіктен, Либерияға небәрі 2 мыңдық қолды аттандыру оңай болып көрінгенімен, шындығында олай емес деп өз пікірлерін білдіреді.

Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығының сыртқы саясатқа жауапты, танымал талдаушысы Саймон Серфати "Азаттыққа" былай деген:

- Біз екі нәрсені күтеміз. Біз елбасы Тейлордың Монровиді тастап шығуын күтеміз. Президент Тейлор, мен кетпекпін, бірақ бейбітшілік орнату күштері келмейінше мен кетпеймін дейді. Екіншіден, ол бейбітшілік сақтау күштері африкалық қосындардың дайындығына байланысты, олар әлі де жиналып жатыр. Дәл осы екі мәселе американың шұғыл қимыл қосындарының жолын бөгеп тұр.

Сәрсенбі күні, Батысафрика елдерінің Экономикалық Қауымдастығы келесі аптадан бастап Либерияға бейбітшілікті сақтауға 1 мың 300 Нигерияның бейбіт жасағын аттандыруға әзір екендіктерін білдірді. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның ұсынысымен атқарылып отырған іс арқылы американдықтардың бейбітшілік орнатуға араласуы ықтимал.

Бірақ Серфати біз Либерияға шағын қол атандырар болсақ ол АҚШ-тың Қорғаныс министрлігіне ауыр жүк болады.

Пентагон Либериядағы әскери миссия бұдан бұрынғы Құрама Штаттардың Африканың Сомали еліндегі апатты жағдайының кебін кие ме деп алаңдауы да, орынды дейді.

Ал Нью Йоркте орналасқан Шетелдермен байланыс кеңесінің талдаушысы Артур Хелтонның айтуынша, Буштың шешім қабылдауы қиын болғанымен, күн өткен сайын егер АҚШ әрекет етпесе, оның беделіне нұсқан келеді:

- Буштың болып қайтуына байланысты біз либериялықтардың оңашалануы және африкалық басшылар мен халықтың сенімінен жұрдай болу қауіпіне ұшырауымыз мүмкін. Егер бірер нәрсе жедел орындалмаса, бірер шешімді шара қолданылмаса онда, меніңше, ол тәуекелдер шындыққа айналып біз қолдау мен жақсы ниеттердің кейбірінен айрылып қалуымыз мүмкін. Жеме-жемге келгенде, Либерияда шамамен 2 мыңдық аздаған қолмен тамаша жетістіктерге қол жеткізер болсақ, онда Франция, Германия және Ресей сынды елдермен арадағы дипломатиялық тоңды жібіте алған болар едік, - дейді Хелтон.

Хелтоның мәлімдеуінше, Либериядағы әрекет өзге елдерге Құрама Штаттарға Ирақта, Ауғанстанда және басқа да жерлерде бейбітшілік орнату ісінде қолғабыс беруге ой салған болар еді.
XS
SM
MD
LG