Accessibility links

Джордж Буш Махмұд Аббаспен кездесті


Президент Буш Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде көргім келеді деп айтты, Палестинаға салмақты экономикалық жәрдем жасалады деп сендірді. Бұған жақында 20 миллион доллар бөлінді. Мәселені зерттеуге Палестинаға қаржы министрі Джонн Сноу және сауда министрі Дон Иванс жөнелтіледі. Президент Буш, сондай ақ, Батыс жағалаудың іші-сыртында Ызрайл салып тастаған дуалдарды "сенім бөгеті" деп сөкті:

- Бұл – шынында да мәселе, бұл жағдайды Израил бас министрі Ариел Шаронмен талқыладым. Батыс жағалаудағы дуалдың жағдайында палестиналықтар мен израилдіктердің арасында өз ара сенімді орнату қиын.

Палестина бас министрі Махмұд Аббас көрсетіліп жатқан көмек үшін алғыс айтты, Палестина жерінде Израил қоныстарын салуды толық тоқтату - бейбіт келісімге қол жеткізудің негізгі шарты деп айтты. Буш мұнымен келісе отырып, террорлық шабуылдарды тоқтату, қауіпсіздікті нығайту мәселесі де өте маңызды деп әңгіме жалғастырды.

Вашингтонға енді келесі аптада Израил бас министрі Ариел Шарон келеді.
XS
SM
MD
LG