Accessibility links

Афинада қылмыскерлер 28 Ирақ азаматын тұтқында ұстаған.


Грек полициясы Афинадағы бір тастанды үйге шабуыл жасап онда қылмыскерлер тұтқындығында отырған 28 ирақ азаматын азат еткен. Түркие мен Европа арасында адам саудасымен айналысқан деген күдікпен 3 кісі тұтқындалған. Әкімшіліктің айтуынша, азат етілген ирақ иммигранттары арасындағы алты әйел және алты бала өте ауыр жағдайда ұсталған. Ол 28 ирақтық Европа елдерінің біріне өткіземіз деген адам саудагерлеріне 3 мыңнан евро төлеген көрінеді Оларды саудаға салып жүргендер де ирақтықтар екен. Енді ол үшеу бүгін дүйсенбіде сот алдында жауап бермек. Ал иммигранттар Ираққа қайта жіберілуі мүмкін.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG