Accessibility links

Бағдадтағы шабуыл кезінде дүйсенбі күні бір америкалық сарбаз қаза тапты.


Бағдад орталығында дүйсенбі күні болған шабуыл кезінде бір американ сарбазы қаза тауып, үшеуі жараланған. Сонымен мамырдың бірінде президент Буш Ирақтағы соғыс аяқталды деп жариялағалы бері, қаза тапқан америкалықтардың жалпы саны 50-ге жетті. Бағдадта жексенбі күні америкалық бес әскер өлтірілгелі бері, АҚШ қосындары мен қатардағы Ирақ азаматтары арасындағы қырғи- қабақ жағдай одан әрі күрделене түсті. Бұл арада, АҚШ-тың Ирақтағы уақытша әкімшілігінің даниялық үйлестірушісі Олсен өз қызметтік мерзімін аяқтап, оның орнына оңтүстік Ираққа британиялық дипломат Хиллари Синнот ханым келді. Америкалықтар Ирақтағы 4 әкімшілік аймақты өз бақылауында ұстап келеді.
XS
SM
MD
LG