Accessibility links

Әзірбайжанда саяси оппозицияның жақтастары митинг өткізген.


Кеше Әзірбайжанда саяси оппозицияның бірнеше мыңдаған жақтастары ел астанасында митингіге шығып, президент Әлиевтің денсаулығына байланысты мәселе көтеруді жалғастырған. Наразылық білдірушілер Түркияда ауруханада сырқатынан емделіп жатқан Гейдар Әлиев өзінің елді басқаруға денсаулығы жететіндей қабілетті екендігін дәлелдесін деген талаптар қойған. Олар сондай-ақ 15 қазанда өткелі отырған президенттік сайлау еркін де әділетті болсын деген де мәселені алға тартқан. Әзірбайжанның ресми өкілдері сенбі күні Әлиевтің қатты сырқаттығы немесе ол өліп қалғандығы жөнінде таралған қауесет хабарларды тағы да жоққа шығарған. Преиздент Гейдар Әлиев шілденің 8-нен бері Анкараның Гүлхан әскери госпиталында ем қабылдауда, бұны лауазым иелері әдеттегі дәрігерлік тексеру деп атаған болатын. Бұл көкек айынан бері Әзірбайжан преиздентінің екінші рет Түркия ауруханасында қаралуы. Әлиев пен оның ұлы Илхам екеуі де қазан айында өтетін преизденттік сайлауға үміткер ретінде тіркеуден өткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG