Accessibility links

Палестина үкіметбасы Махмут Аббас өзінің Израильдік әріптесі Ариэль Шаронмен ертеңге жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырды.


Израиль радиосының хабарлауынша, Аббас Израильдің өз абақтыларында елеусіз қылмыстар жасаған үшін отырған палестиндіктерді босату ниетіне өз өкінішін білдірген. АҚШ Мемілекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс бүгін Таяу Шығыс пен Ресейге сапарға шықты. Ол Таяу Шығыста бейбітшілік орнату бойынша халықаралық жоспардың орындалу барысын талқыламақ.

Таяуда Израиль парламенті қабылдаған израильдіктердің палестиндіктермен құрған некелерін заңсыз деп санау туралы заңды АҚШ "кемсітушілік" заң деп санайды,-деп мәлімдеді АҚШ Мемілекеттік департаментінің өкілі Филип Рикер. Бұл жаңа заңға сай, бұндай ерлі зайыптылар Израиль жерінде бірге тұруға құқысыз. Израиль азаматтымен үйленген палестиндік Израиль азаматтығын ала алмайды. Құқық қорғаушы ұйымдар бұл заңды " нәсілшілдік" деп атайды. Ал Израиль үкіметті болса бұл қауіпсіздік шарасы деп түсіндіреді.
XS
SM
MD
LG