Accessibility links

Ирактағы Құрама Штаттары тарапынан тағайындалған өкіметтік Кеңесті мойындауға апаратын Қауіпсіздік кеңесінің қарары ең ерте дегенде бүгін қабылдануы мүмкін.


Бұл қарар арқылы аталған кеңес заңды деп танылып, сондай-ақ БҰҰ-ның Ирактағы қызметі қайта қалпына келтірілмекші. АҚШ-тың ұсынуындағы қарар жобасын Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі мақұлдады. Содан кейін ол жоба кеше Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі боп табылмайтын 10 ел өкілдері арасында таратылған еді. Американың БҰҰ-дағы елшісі Жон Негропонте дауысқа салудың бүгін болғанын қалайтындығын айтып отыр. Ал, Қауіпсіздік кеңесіне қазіргі кезде төрағалық етуші Сирияның БҰҰ-дағы елшісі Майкл Вехбе бұл сауалға орай көбірек ақылдасулардың өткізліуін қалауда. Кеше Иракта екі түрлі оқиға барысында америкалық екі солдат қаза болып, үшеуі жараланған болатын-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG