Accessibility links

Қазақстан су мәселесіне арналған халықаралық кеңеске қатысады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Тамыздың 28-і мен 31-і күндері аралығында Душанбеде су мәселесіне арналған халықаралық мәслихат өткізілмек.

Аталған жиынға Қазақстаннан арнайы делегация қатысады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауылшараушылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комиттет төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімов «Азаттық» радиосына берген сұхабатында мәлім етті.

Оның айтуынша аталған бас қосуда екі форум болады.

Бірінші -халықаралық Аралды құтқару қорының басқаруы болады, содан кейін халықаралық таза су форумы болады. Сол форумға бізден үлкен делегация барады. Премьер-министрдің орынбасары А.Есімов, осы комитеттің төрағасы Н.Рябцев, халықаралық Аралды құтқару қорының Аламтыдағы дирекциясының басшылығы, оның сыртында халықаралық су мәселесімен айналысып жүрген, қоғамдық бірлестіктердің адамдары, бұрынғы біздің министріміз Қыпшақбаев мырзалар барады. Сол жерде үлкен көрмеде бізге орын бөлінген. Қазақстанда жасалатын мемброния технология дейтін жетістіктеріміз бар. Су тазартатын мекемелердің қондырғыларын көрсетуге алып бара жатыр. Сонымен бірге Сатпаев атындағы каналдың насостарының макеттерін алып барады. Өйткені, тәжіктер үшін ол өте қызықты нәрсе деп есептейміз.

Халықаралық Аралды құтқару қорының қарамағында бірнеше мемлекетаралық ұйымдар бар. Су пайдалану жұмыстарын үйлестіру комиссиясы және тұрақты даму комиссиясы бар. Әр комиссияның құрамында орындаушы комитеттері мен ұйымдары бар. Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, аталған жиында осы қор ұйымдары он жылдың ішінде атқарған жұмыстарын сараламақ.

Келесі он жылдықта не істеледі осы мәселелер де талданбақ.

Мәслихатқа Орталық Азиядағы бес мемлекет, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және халықаралық ұйымдар да қатысады.

Дүниежүзілік банк, Азия банкі, Кувейт банкі, Американың ЮСАИД ұйымы қатысады. Көптеген елдерден шақырылған. Донор болатын мемлекеттерден де көптеген адамдар шақырылды. Тәжікстандағы барлық елшілік өкілдері қатысады.

Бас қосу мақсатының бірі- трансшекаралық суларды дұрыс пайдалану жөнінде болып отыр.

Бес мемлекеттің аумағындағы Сырдария және Амудария өзендерін тарнсшекаралық суларды бірігіп пайдалану, дұрыстап бөлу, сол мәселелер. Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, Қазақстан бұл кеңестен халықаралық Аралды құтқару қорының мәртебесін көтеруді көздеп отыр. Бұл қор 1993 жылы Қазақстан Басшысының бастамасымен құрылған.

Осы қордың мәртбесін пайдаланып, мемлекетаралық органдарды күшейту. Сөйтіп, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарына суды деп кезінде жеткізіп беру.

Душанбе бас қосуы арқылы аталған қорға донарлар тарту көзделуде.

1994 жылы Нүкісте донарлардың осындай жиналысы болып, бес Президент кездесіп, Аралды құтқару жөнінде бір бағдарлама қабылдаған. Сол бағдарлама бойынша тоғыз жылдай жұмыс істедік. Біраз шешілмеген мәселелер де көп.

Былтыр есімнен шықпаса, қазан айында Душанбеде Президенттер 2003 жылдан оныншы жылға дейін қайтадан бағдарлама жасаңдар деген тағы да тапсырма берді. Сол бойынша 14 бағытпен жобалар жасалды. Осы жобалардың бәрін форумда бекітеді. Донорларға ұсынады.

Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, егер халықаралық ұйымдар қолдаса, мұндай жобалардың әрқайсысы 5-6 миллион АҚШ долларын қажет ететін қаржыны құрайды.
XS
SM
MD
LG