Accessibility links

Экологтар мен ғалымдар Каспий мәселесін қайтадан талқылайтын болды

  • Гүлмира ХАМЗА

Қыркүйектің 11-12 жұлдызы аралығында Ақтау қаласында Каспий табиғатына арналған халықаралық конференция өтеді.

Бұл бас қосуда ең алдымен, Каспий экологиясы мен Каспий төңірегіндегі мемлекеттердің табиғатты қорғау жөніндегі бағдарламалары сөз болады, - дейді Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Ұлан Қасымбеков.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Ұлан Қасымбеков:

- Каспий мәселелері бүгінгі таңда үлкен экологиялық мәселелердің бірі болып саналады. Сол себептен қыркүйектің 11-12 күндері аралығында экологиялық конференция өтеді. Каспий төңірегіндегі бес мемлекеттің елшілері, мамандары, сарапшылары қатысады. Онда экологиялық жағдай, Каспий болашағы мен қауіпсіздігі жөнінде әңгіме болады. Біраз күндер бұрын арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Бұл бағдарлама бойынша, Каспий экологиясы мен оның жағалауындағы экожүйенің сақталып қалуы қарастырылған.

Жоспар бойынша, екі күндік конференция барысында мамандар қарт Каспийда жұмыс жасайтын мұнайгаз компанияларының іс-әрекетін, Каспий арқылы мұнай тасмалдағанда, қандай қауіпсіздік шаралар пайдаланатыны және су астынан мұнай тасмалдау үшін салынатын құбыр құрысылы қалай жүргізіледі, деген мәселелерді көтереді. Осы тұрғыдан алғанда, мамандардың ойынша, конференцияның маңызы зор. Бірақ «Каспий табиғаты» атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Ибрагим Көшеновтың пікірінше, Каспий құқығы анықталмай, Каспий экологиясы жөнінде әңгіме қозғауды өзі бекер.

«Каспий табиғаты» атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Ибрагим Көшенов:

- Ол мәселе шешілмесе, Каспийдың ластану мәселесі шешімін таппайды. Қазір Каспий балығы, флора, фаунасы ластанып, құрып жатыр. Сол себептен, Каспий маңындағы елдер бірігіп, бұл мәселені шешу үшін арнайы шара қабылдамаса, жағдай жылдан жылға нашар бола береді. Осы мәселе Ақтауда өтетін конференцияда айтылуы керек. Жалпылама болса да осы мәселе шешілу керек. Олай болмаған жағдайда кез-келген мемлекет,оны жеке шеше алмайды. Себебі мемлекеттердің ондай құқығы жоқ. Сол себептен Каспийдың құқығы анықталуы керек. Ал, оны мемлекет жетекшілері мен үкімет өкілдері қашан шешетінін айта алмаймын, бірақ солар шешуі керек.

Үкіметтік емес ұйымдар Каспий табиғатының қазіргі жағдайына алаңдаушылықпен қарайды, бірақ болашақта жағдай өзгермесе, бұл су айдынындағы табиғат мүлдем жойылып кетуі ықтимал. Академик Муфтах Диаровтын ойынша, жылсайын Каспийдан мұнай табушылардың саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ, демек жылсайын теңіздің табиғатыда нашарлауы мүмкін.

Муфтах Диаров, академик:

- Қазіргі жағдайда Каспийдың қоршаған ортасы өте ауыр жағдайда. Оның суы ластанып келе жатыр, одан мұнай алушылар көбейіп жатыр, бұл өз кезегінде табиғатқа, адам денсаулығына әсер етеді. Сол себептен, үкімет өз саясатын өзгерту керек, мәселен, мұнай алу жағынан саясатын, онда жұмыс жүргізу саясатын. Қазіргі кезде үкімет мұндай саясатты қарастырып жатқан көрінеді, бірақ іс жүзінде жеткілікті емес.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметкері Ұлан Қасымбековтың айтуынша, Каспий табиғатының нашарлап бара жатқаның Қазақстан үкіметі де біледі, бірақ Қазақстан үкіметі бұл мәселе бойынша жұмыс жасамай отыр, деуге болмайды.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Ұлан Қасымбеков:

- Kөбісі Каспий табиғаты нашарлап бара жатыр, дегенді айтады. Ия, нашарлап бара жатыр, оны жасырмау керек, бұл Каспий табиғатына әсер етіп жатыр. Бірақ біздің мақсатымыз бұл емес. Біздің мақсатымыз бар табиғатты сақтап қалу, және оның алдын алу жолдарын іздеу. Сонымен қатар, біздің мақсатымызда болжау жасау бар. Бар жамандығын біле отырып, соның болмауына жұмыс жасау керек.

Жалпы «Каспий табиғаты» атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Ибрагим Көшеновтың пайымдауынша, қарт Каспийдың жағалауындағы бес мемлекеттің жетекшілері Каспий табиғатынан бұрын, Каспий мұнайына назар аударып отыр. Кезінде, Каспий экологиясына Иран мемлекеті айтарлықтай көніл бөлетін, бірақ уақыт өтісімен, бұл мемлекетте өз көзқарасын өзгертіп үлгерген.

«Каспий табиғаты» атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Ибрагим Көшенов:

- Біз қоғамдық ұйым Иранның ұстанып отырған саясаты экологияға тиымды, дегенді айтқанбыз. Бірақ оны ешкім тыңдаған жоқ, ал қазір Иранда бұл саясаты өзгертті. Қазір енді Каспий табиғатын қорғайтын ұйым қалған жоқ. Бірақ су айдынын сақтап қалу үшін оның құқығын анықтау керек.

Қалай болғанымен экологтардың пікірінше, 11-12 қыркүйек күндері өтетін конференция нәтижесіз болмайды, себебі Каспий экологиясының мәселелерін ғалымдар мен мамандар қайта көтереді, бірақ бұл мәселелер қашан шешіле бастайды, деген сұрақ жауапсыз қалуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG