Accessibility links

Батыс елдерінен жыл сайын Орта Азияға ондаған мың аңшы барады.


Аңшылықты спорт деуге болады. Мысалы, Батыс Еуропада тіркелген 6,5 миллион аңшы бар. Олардың ондаған мыңы жыл сайын аң аулауға Орта Азияға ағылады.

Орта Азияда аңшылық пен ақша мидай араласып кеткен деп жазады радиомыздың талдаушысы Брефни Ороурк. Мысалы, Орта Азияда бір таутеке 50 мың еуро тұрады. Пәкістанда жабайы Мархор ешкі 40 еуро. Бұл жергілікті үкімет үшін де халық үшін де үлкен қаржы. Бұ жәйлі Германияда орын тепкен аңшылықпен айласылатын Траффик ұйымының маманы Роланд Мелиш былай дейді:

"Негізгі қаржы аң ауланатын елдерде қалады деген түсінік ол тек қауесет қана."

Маманның айтуынша аңшылар мен аңды қорғаушылар арасында бітпес дау бар. Екі жақ тағы ақшаның дені сол аң ауланатын елдерге жетпейді деп наразылық білдіреді. Сондықтан да Траффик ұйымы аңшылықтан түсетін қаржының жариалылығы үшін күреседі дейді Роланд Мелиш:

"Бұл қаржының жұмсалуында жариялылық керек. Жергілікті құрылымдарға, қорғау қорларына құйылатын қаржыларға жариялылық керек."

Жыл сайын 100 мыңдай аңшы батыстан шығысқа аң аулауға аағылады екен. Олар жақын Мажарстаннан бастан сонау қиыр шығыс Қытайға шейін шарлап аң аулайды. Жыл сайын ол 100 аңшы 180 миллион еуродай қаржы шығындайды. Роналд Мелиш аңшылық жергілікті жердің табиғатымен аңы үшін жұт деген пікір бар, ол жаңсақ пікір дейді. Негізінде олай емес, бақылау астындағы аңшылықтан ешкім зиян шекпейді дейді:

"Жыл сайын шетелден Пәкістанға келіп аң аулайтын аңшылар атқан 4-5 Мархор ешкісінен жергілікті табиғат жұтамайды. Керісінше, жергілікті бюджет пайда көреді."

Брюсселде орналасқан Аңшылар мен қорғаушылар фелерациясы аңшылық пен аңды қорғау саласында салиқалы саясат жүргізетін елдерге "жасыл белгі" дәрежесін беру керек деп біледі. Енді осы Аңшылар мен аңды қорғаушылар федерациясының басшысы Ралф Еисенбеис пікіріне ден қоялық:

Егер де сіз жергілікті елді аңшылықтан түсіретін пайдаға қызықтыра алсаңыз және ол тұрақты болса онда жергілікті халықтың өздері-ақ аңды қорғауға үлес қосады дейді маман.

"Ең дұрысы аң ауланатын елдердің аңшылар ассоцацияларымен жұмыс істеу, бұл салада дұрыс аңшылық қағидаларын қалыптастыру"

Бүгіндері Брюсселдегі Аңшылар мен аң қорғау федерециясы Еуроодақ пен оған үміткер елдер аясында халықаралық аңшылық қағидасын қабылдамақ ниетте деиді Ралф Еисенбеис. Оның пікірінше бұл қағида өркениетті аңшылықты қалыптастырудағы оң қадам болмақ.
XS
SM
MD
LG