Accessibility links

Чешенстанда Комсомольское ауылында фугастың жарылысынан 1 жауынгер қаза болып, тағы бірі жараланды.


ГРОЗНЫЙ: Чешенстанда, Урус-Мартан ауданындағы Комсомольское ауылында фугастың жарылысынан 1 жауынгер қаза болып, тағы бірі жараланды. Ачхой-Мартан ауданындағы Самашки елді-мекенінде белгісіз біреулер жергілікті телестудияны атқылады. Екі жақты атыс кезінде шабуыл жасағандардың бірі жараланды, телестудия қызметкерлерінің ішінде жапа шеккендер жоқ. Оның есесіне студия ғимаратына нұқсан келді. Серноводск пәселкесінде қарулы чешен құрамаларына қатысы болған Резван Магомедов қолға түсті. Чешенстан ішкі стер министрігінің мәліметі бойынша, ол террористік қастандықтар мен диверсиялар жасағандардың тізімінде болған. Арнайы шара кезінде тағы 2 кісі – Ачхой-Мартан ауданының патрульдік-күзет қызметінің милициянерлері ұсталды. Олардың аты-жөндері мен оларға тағылған айыптар жөнінде ештеңе айтылмайды.
XS
SM
MD
LG