Accessibility links

Премьер-министрі Даниял Ахметов Шеврон Тексаконың президентімен кездесті


Қыркүйектің 16-күні Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Даниял Ахметов Шеврон Тексако Оверсис Петролеум компаниясының президенті Джордж Киркландпен кездесті.

Кездесуден кейін журналистерге сұхбат берген Шеврон Тексако компаниясының президенті Қазақстан Үкіметі жетекшісімен негізгі өрбіген әңгіме салынып жатқан екінші буын зауыт жобасын жүзеге асыру бағытындағы мәселелерге қатысты болды дейді. Сонымен қатар Джордж Киркландтың айтуынша, екінші буын зауыты Теңіз Шевройлға қатысушылар мен Қазақстан Республикасы үшін маңызды жоба болып табылады. Өйткені оны жүзеге асырудың нәтижесінде экспортқа қосымша күніне 200 мың баррель мұнай шығаруға мүмкіндік туады.

Шеврон Тексако компаниясы Қазақстанда бірнеше жобаларға қатысушы ірі инвестор болып табылады. Қарашығанақ жобасы – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен шетелдік Бритиш Газ, Лукойл, Аджип компаниялары арасында 1997 жылы жасалған өнімді бөлу туралы Қорытынды келісім шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Қарашығанақ кен орнындағы мұнай өңдеудің жоспарлы көрсеткіші 2003 жылы 8,7 млн. тоннаны құрайды. Қазіргі кезде өнімді бөлу жөніндегі қорытынды келісімге сәйкес кенді игерудің екінші кезеңі басталды. Бұл келісімшарт жүзеге асырыла бастаған сәттен бастап 4,7 млрд. доллар көлемінде инвестиция салынған. Оның 938 млн. доллары «Шеврон Тексаконың» үлесіне тиеді.
XS
SM
MD
LG